locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Лига 1: Лион мен Реймс жеңісі, Сент-Этьен үшін маңызды тең ойын

Фото: официальный сайт OL

30 қыркүйекте Францияның Лига 1-нің 6-шы тур ойындары өтті.

"Лион" 90+ минутта шешуші гол соғып, "Тулузадан" жеңісті "тартып алды". "Арыстандар" 7 ұпаймен турнир кестесінің 10-орнында. "Тулуза" 5 ұпаймен 15-орында орналасқан.

"Реймс" "Анжені" 3:1 есебімен жеңгеннен кейін 11 ұпаймен 4-орынға көтерілді. "Анже" екі ұпаймен 18-орында, соңғы орында тұр.

"Нант" пен "Сент-Этьен" ұпай бөлісті – 2:2. Лига 1-де жақсы бастама жасаған "Нант" қарқынын бәсеңдетіп, 9 ұпаймен 7-орында орналасқан. "Сент-Этьен" болса, элиталық дивизионда қалу үшін барын салып жатыр, бірақ әзірге 4 ұпаймен 17-орынға жайғасқан.

“Тулуза” - “Лион” - 1:2 (1:1)

Голдар: Гбо, 14 (1:0); Николайсен, 28 (1:1); Фофана, 90+ (1:2)

“Анже” - “Реймс” - 1:3 (0:2)

Голдар: Накамура, 9 (1:0); Ито, 25 (2:0); Мунетси, 79 (3:0); Ферхат, 84 (1:3)

“Нант” - “Сент-Этьен” - 2:2 (1:0)

Голдар: Лепенан, 10 (1:0), Тома, 49 (2:0); Сиссоко, 57 (2:1); Сиссоко, 67 (пенальти, 2:2)