locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Лига 1. Фавориттердің жеңістері, ПСЖ-нің тең ойыны және Эльзастағы голға толы матч

Фото: официальный сайт PSG

6 қазан, жексенбі күні Францияның жоғары футбол дивизионы (Лига 1) 7-турындағы бес матч өтті.

“Лион” “Групама Стэдиумда” “Нантты” 2:0 есебімен жеңді. Пьер Саждың командасы 10 ұпаймен 9-орында орналасқан, ал “Нант” турнирлік кестеде төмендеп келеді. Антуан Комбуаренің командасы 9 ұпаймен 10-орында тұр.

“Страсбург” пен “Ланс” ұпай бөлісті – 2:2. Лиам Россеньор жаттықтыратын эльзастық клуб 10 ұпаймен 8-орынға жайғасты. Вилла Стиллдің “Лансы” 11 ұпаймен 7-орында тұр.

“Брест” өз алаңында “Гаврды” 2:0 есебімен жеңді. Эрик Руа командасы 9 ұпаймен 11-орында. Дигардтың “Гавры” 6 ұпаймен 15-орында.

“Реймс” пен “Монпелье” голға толы матч көрсетті – 4:2. Лука Эльснердің командасы көшбасшылардың төрттігінде. Қазіргі уақытта “Реймс” 14 ұпаймен 4-орында, ал “Монпелье” 4 ұпаймен 17-орында.

ПСЖ “Ниццамен” тең ойнады – 1:1. Луис Энрике командасы қатарынан үшінші матчта жеңіске жете алмады. Қазір париждіктер 17 ұпаймен 2-орында. “Ницца” 9 ұпаймен 9-орынға жайғасты.

Лига 1. 7-тур. 6 қазан

“Лион” - “Нант” – 2:0 (1:0)


Голдар: Тальяфико, 22 (1:0); Паллуа, 54 (2:0)

“Страсбург” - “Ланс” – 2:2 (1:2)


Голдар: Нзола, 5 (0:1); Силла, 18 (1:1); Диуф, 44 (1:2); Диарра, 60 (пенальти, 2:2)

“Брест” - “Гавр” – 2:0 (1:0)


Голдар: Ажорк, 12 (1:0); Салах, 12 (2:0)


Қызыл қағаз: Кинкуе, 48; Айдара, 73

“Реймс” - “Монпелье” – 4:2 (2:1)


Голдар: Мунетси, 6 (1:0); Накамура, 25 (2:0); Нордин, 37 (2:1); Диаките, 57 (3:1); Нордин, 90+ (3:2); Теума, 90+ (пенальти, 4:2)

“Ницца” - ПСЖ – 1:1 (1:0)


Голдар: Абди, 39 (1:0); Мендеш, 52 (1:1)