locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Әли ӘЛИЕВ: “Түркиядағы футболға қатысты барлық жүйені көшіріп алу керек”

Футбол 17 қаз 2024 15:10
Марлен Аманов
Марлен Аманов
sports24 сарапшы
Фото: Кызылжар
Әли ӘЛИЕВ: “Түркиядағы футболға қатысты барлық жүйені көшіріп алу керек”

Қызылжар» клубының бас бапкері, Түркия клубтарының экс-ойыншысы Әли Әлиев, бауырлас елдің футбол деңгейімен, Қазақстан футбол жүйесінде Түркиядан не үйренуі керек екені жайлы айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Әли Әлиев ойыншы кезінде Түркияның бірнеше клубтарында өнер көрсеткен. Сол себепті түркі тілдес елдің чемпионатымен жақсы таныс. Айтуынша, Түркия чемпионаты барлық аспектілер бойынша назар аударуға тұрарлық.

“Түркия чемпионатының деңгейі барлық аспектілер бойынша назар аударуға лайық. Стадиондар, жанкүйерлер, келетін легионерлер, үздік клубтарға ауысып жатқан жергілікті ойыншылар. Мысалы, «Реал Мадрид» сапына ауысқан Арда Гүлер. Сол себепті, Түркия чемпионатының деңгейі өте жоғары деп айтсақ болады”.

Петропавлдық команданың бас бапкері Түркия чемпионатында ойнайтын Зайнутдиновпен, Аймбетовтің жие қосалқы құрамда қалатына жайлы да ойымен бөлісті. Сөзінше, Зайнутдиновке бастапқы құрамнан ойып орын алуға қиын, ал Аймбетовтің өзім көрсетуге мүмкіндігі бар.

“Жігіттердің ойынын қадағалап отырамын және оларға тезірек бастапқы құрамнан орын алуларын тілеймін. Зайнутдиновке қиындау, себебі команда да бәсекелестік өте жоғары, қателікке орын жоқ. Түркияда ойыншының жеке шеберлігі маңызды рөл атқарады. Біз Бактиермен бұл туралы сөйлестік. Ресей мен Қазақстанда тактика жүйелі және командалық ойынға құрылады, ал Түркияда атап өткендей жеке шеберлік маңызды. Қорғаныста, шабуылда да қарсыласыңнан мықты болуың керек. Абаттың өзін көрсетуге көбірек мүмкіндігі бар. Ол үшін Абат бар күшін салу керек. Басқа бағытқа бөлетін заттарды ысырып қойып, ойынға ден қою қажет”.

Әлиевтің ойынша Түркия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге келу қажет. Бұл жағдай футболдың ілгері жылжуына алып келеді дейді,- маман.

“Менің ойымша, Түркия мен Қазақстан арасында жоғары деңгейде ынтымақтастық туралы келісімге қол қою қажет. Түркиядағы футболға қатысты барлық жүйені көшіріп алуға болады. Ол матчтарды ұйымдастырудан бастап, теле көрсетілім, стадиондар, командаларға арналған базаларға дейін. Бұл өте жақсы тәжірибе және ынтымақтастық болады деп ойлаймын”.

Әли Әлиев үшінші маусым қатарынан “Қызыл-Жар” клубынын бас бапкер қызметінде. Петропавлдық командамен Конференция лигасына қатысып, жақсы нәтиже көрсетті.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie