Левандовскидің дублі «Барселонаға» Ла Лиганың өткен маусымдағы сенсациялық клубын жеңуге көмектесті


30 наурыз күні Испания чемпионатының 29-турында «Барселона» өз алаңында «Жиронаны» 4:1 есебімен жеңді.
Матчтағы алғашқы гол 43-минутта стандарттық жағдайдан кейін соғылды. «Барселона» ойыншысы айып добын орындағаннан кейін, доп «Жирона» қорғаушысы Крейчийдің аяғына тиіп, өз қақпасына кіріп кетті.
Екінші таймда «Барселона» басымдығын арттырды. 61-минутта Роберт Левандовски есепті 2:0-ге жеткізсе, 77-минутта дубль жасап, тағы бір гол соқты. 53-минутта Арнаут Данжума «Жиронаның» жалғыз голын соғып, есеп айырмасын қысқартты. Алайда 86-минутта «Барселонаның» жылдам шабуылы нәтижесінде Ферран Торрес гол соғып, ойынның соңғы нүктесін қойды.
Бұл жеңістен кейін «Барселона» Ла Лигадағы чемпиондық жарысты жалғастырып, турнир кестесінде бірінші орынға жайғасты. Ал «Жирона» маусымды жақсы бастағанына қарамастан, қазіргі уақытта 13-орында тұр.
Ла Лига. 29-тур. 30 наурыз
«Барселона» – «Жирона» – 4:1
Голдар: Крейчий, 43 (автогол), Левандовски, 61, 77, Торрес, 86 – Данжума, 53

Футбол
Бүгін 06:03
