locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Лерой Сане Ньюкасл Юнайтедке ауысуы мүмкін

ФОТО:  Getty images

“Бавария” көшбасшысы Лерой Сане Англия чемпионатына оралуы мүмкін.

“Ньюкасл” 28 жастағы неміс вингеріне қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды TEAMtalk журналист Кристиан Фалькке сілтеме жасап. Дегенмен, оның “Нбюкаслға” ауысуы олардың ағымдағы маусымның соңында Чемпиондар лигасына жолдама алуына байланысты болады.

Сане “Бавариядан” кетуді қарастырады, өйткені ол команданың негізгі құрамындағы орнын жоғалтты. Осы маусымда барлық жарыстарда бар болғаны төрт ойынға қатысып. алаңда небәрі 78 минут өткізді.

Оның “Бавариямен” келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін жарамды.