Лэмпард Чемпионшипттық клубта жұмыс істеуі мүмкін
Футбол
Бүгін 02:14
Асылхан Тоқсанбек
sports24 сарапшы
ФОТО: gettyimages.com
46 жастағы маман Фрэнк Лэмпард ағылшын Чемпионшип лигасында ойнайтын “Ковентри Сити” клубының жаңа бас бапкері болуға толық келісімге келді. Бұл туралы Football Insider хабарлады.
Ақпарат көзінің айтуынша, “Ковентри Сити” Лэмпардты бас бапкер етіп тағайындау туралы ресми мәлімдемені сенбіде «Шеффилд Юнайтед» командасымен өткізілетін матчтан кейін жасайды.
Фрэнк Лэмпардтың соңғы қызметі “Челси” клубында болды, онда ол 2023 жылдың сәуірінен маусымына дейін уақытша бас бапкер қызметін атқарды. Сонымен қатар, Лэмпард “Челси” клубын 2019-2021 жылдар аралығында да басқарған.
Чемпионшиптің 15 туры аяқталған соң, “Ковентри Сити” 16 ұпай жинап, қазіргі уақытта 17-ші орында тұр.
Танымал жаңалықтар
Футбол
Бүгін 05:00
ММА
Бүгін 03:20
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49