locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Әлемнің ең қымбат қақпашысы Кепа Аррисабалага ешкімге қажет болмай қалды

Фото: Челси ФК

Баск қақпашысы қиын жағдайды бастан өткеруде, трансферлік нарық жабылуына дейін 10 күн қалды, ал испандық қақпашының командасы жоқ. Ол әлі де «Челсиде», бірақ Энцо Мареска олай есептемейді. «Челсидің» бас бапкері жаңа маусымға Роберт Санчесті басты қақпашы ретінде пайдаланады.

Кепаның «Челсимен» әлі бір жылдық келісімшарты бар және ол кез-келген клубпен еркін келіссөздер жүргізе алмайды, оның қызметтерін алғысы келетін кез-келген клуб алдымен оның бағасын «Челсиден» сұрауы қажет.

Өткен маусымда Кепа «Реал Мадридке» бір жыл жалға берілді. 2023/24 маусымның басында ауыр жарақат алып қалған Куртуаның орнына Анчелотти Кепаны жалға алуды жөн деп санады. Маусым басында Кепа Аррисабалага негізгі қақпашы болып, жақсы өнер көрсеткенімен, маусым ортасында ол украиндық қақпашы Лунинмен негізгі құрамға талас барысында жеңіліп қалды.

Аррисабалага «Реал Мадридте» қалғысы келетіндігін жасырмайды,бірақ қақпашы тек Лунин клубтан кеткен жағдайда ғана «Реалға» қайта ауыса алады. Ал, Андрей Лунин келісімшартында қалған бір жылды толық аяқтап, клубта қалуды жоспарлап отыр. Сондықтан, Кепа Аррисабалаға Реалда орын жоқ.

Жазғы нарықтың ортасында Кепаға А Сериясының клубы «Фиорентинадан» ұсыныс түсті, бірақ баск қақпашысы де «Реал Мадридті» күтті. Кепаға Еуропалық клубтарда да орын жоқ, себебі барлық клубтар бірінші қақпашыларын сайлап қойған. Қазіргі уақытта қақпашы үшін мүмкін болып көрінетін жалғыз нұсқа - Сауд Арабиясына бару, бірақ баск Еуропада қалғысы келеді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie