Лацио Педроның келісімшартын 2026 жылға дейін ұзартады
Римдік “Лацио” вингері Педро маусымды сәтті бастағанына байланысты клубпен келісімшартты ұзарту туралы келіссөздер жүргізуде. Испаниялық ойыншының жасы 37-де болғанына қарамастан, клуб онымен әріқарай да бірге жұмыс жасауға қызығушылық танытып отыр.
Педро “Лациода” ойнаудан әлі де ләззат алып жүр. Оның қазіргі келісімшарты маусым соңында аяқталады, дегенмен ол қазірдің өзінде командаға үлкен үлес қосты – А Сериясы мен мен Еуропа Лигасындағы бес матчта екі гол соғып, екі нәтижелі пас авторы атанды.
Corriere dello Sport мәліметіне сәйкес, “Лацио” Педромен келісімшартты 2026 жылдың маусымына дейін ұзарту мүмкіндігін қарастыруда.
Еске сала кетейік, Испания құрамасының бұрынғы ойыншысы мансабының көп бөлігін “Барселонада” өткізген, содан кейін “Челсиде” бес маусым ойнап, 2020 жылдың қыркүйегінде Италияға қоныс аударды. Бір жыл “Ромада” болғаннан кейін Педро еркін агент ретінде “Лациоға” ауысып, жаңа деңгейде ойынын ашты.
Хоккей
Бүгін 01:50
Футбол
Бүгін 01:35