locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Лаша Касрадзе: «Ордабасы» мен «Торпедо» арасындағы ойын – мінезді командалардың текетіресі

Касрадзе Қазақстан мен Грузия командаларының кездесуі туралы пікір білдірді
Футбол 21 мау 2025 01:28
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Лаша Касрадзе: «Ордабасы» мен «Торпедо» арасындағы ойын – мінезді командалардың текетіресі
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық клубтарда өнер көрсеткен грузиялық бұрынғы футболшы Лаша Касрадзе «Ордабасы» (Шымкент) мен Кутаиси қаласының «Торпедо» клубы арасындағы UEFA Конференциялар лигасының алғашқы іріктеу кезеңіндегі ойын туралы өз ойымен бөлісті.

«Қазақстан мен Грузия командалары бір-бірімен кездескенде, бұл әрдайым қызықты сәт. «Торпедо» – биік мақсаттар қойып отырған, сапалы легионерлермен күшейген ұжым. Олар биылғы маусымда еурокубоктардың топтық кезеңіне жолдама алуға бар күшін салады деп ойлаймын.

«Ордабасыны» да жақсы білемін. Бұл команда ішкі чемпионатта да, Еуропада да өзіне нақты міндеттер қояды. Сондықтан бізді тартысты әрі қызықты матч күтіп тұр деп сенемін», – деді Касрадзе BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында.

Алғашқы ойын 10 шілдеде Грузияда, ал қарымта матч 17 шілдеде Қазақстанда өтеді.

Айта кетейік, Лаша Касрадзе әр жылдары «Жетісу», «Тараз» және «Женис» клубтарында доп тепкен. Ал 2020–2021 жылдары «Торпедо Кутаиси» намысын қорғаған болатын. Сондықтан оның пікірі бұл текетірес алдында ерекше мәнге ие.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie