locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Лапорта Ханси Фликтің жқмысына дән риза екендігін жеткізді

ФОТО:  Getty images

“Барселона” президенті Жоан Лапорта команда бас бапкері Ханс-Дитер Фликтің жұмысына қатысты пікір білдірді.

“Флик сылтау іздемейді. Жарақаттар біраз қиындық тудырып жатыр, бірақ ол өз жұмысын өте жақсы атқарып келеді. Маңызды ойыншылар қалпына келіп жатыр, біз Де Йонгтың толық оралуын асыға күтеміз, ол қазірдің өзінде бірнеше минут ойнап үлгерді, сондай-ақ Фермин, Дани Ольмо және Гавидің де оралуын күтіп отырмыз. Флик керемет жұмыс істеп жатыр. Ол қандай қиындықтарға тап болатынын білді және олармен тамаша күресуде”, — деді Лапорта Sport.es басылымына берген сұхбатында.

Ла Лигада сегіз турдан кейін “Барселона” 21 ұпаймен Испания чемпионатының турнирлік кестесінде бірінші орында тұр.