locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ламин Ямаль есімінің шығу тарихи белгілі болды: футболшының ата-ансының алғысы

ФОТО:  Getty images

Барселонадан әсерлі оқиға: Ламин Ямаль есімі бір кездері оның ата-анасына көмектескен адамдардың құрметіне қойылды.

Футболшының ата-анасы Мунир Насрауи мен Шейла Эбана қарым-қатынасын жаңа бастағанда, олар қиын жағдайға тап болды - олардың пәтер жалға алуға ақшалары болмады. Қивн сәтте ғашықтарға Ламин және Ямаль есімді екі адам көмекке келіп, уақытша баспана ұсынады. Алғыс ретінде Мунир балалы болса, осы асыл жандардың құрметіне есімін қоятынына уәде берді, деп хабарлайды El Bar.

Мунир сөзінде тұрды және қазір “Барселонаның” өсіп келе жатқан жұлдызы күллі әлемге Ламин Ямаль есімімен танымал. Жас футболшының толық аты-жөні - Ламин Ямал Насрауи Эбана.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін “Баварияның” бас бапкері әкесінің босқын болғаны туралы әңгімемен бөліскен эмоционалды сұхбатты жариялаған болатынбыз.