Ламин Ямаль: Біз екі рет требл жеңіп алдық және тағы да оған жете аламыз


«Барселонаның» 17 жасар вингері Ламин Ямаль ағымдағы маусымда алдына қойған өршіл мақсатымен бөлісті.
«Мен өз командама әрқашан сенетін адамдардың бірімін. Маусымның басынан бастап мен әрқашан максималды деңгейге жетуге тырысамын. Және бұл маусымда біз үлкен жетістіктерге қол жеткізе аламыз деп ойлаймын.
Егер ойыншы басқа команда жеңеді десе, мен оның неге алаңға шығып ойнайтынын түсінбеймін. Біз требл жеңу үшін ойнаймыз. Біз - «Барсамыз». Біз бұған дейін екі рет требл жеңіп алдық, және тағы да оған жете аламыз деп үміттенеміз», - деді жас ойыншы.
Ямаль 2024/25-маусымында барлық жарыстардағы 42 матчта 13 гол соғып, 20 нәтижелі пас беріп өзінің керемет деңгейін көрсетуде .
Жас талант үш додада да өз командасын сақтап қалуына үлкен үлес қосты. «Барселона» Испания чемпионатында көш бастап келеді, Испания Кубогының финалында «Реалмен» ойнайды және Чемпиондар лигасының ширек финалында дортмундтық «Боруссиямен» кездеседі.

Футбол
Бүгін 18:07

Футбол
Бүгін 17:27

Футбол
Бүгін 16:59