locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Ла Лиганың бір турындағы крест тәрізді екі бірдей жарақат

Футбол 10 қара 2024 07:53
Азат Максутбек
Азат Максутбек
sports24 сарапшы
Ла Лиганың бір турындағы крест тәрізді екі бірдей жарақат
ФОТО: Getty images

Реал мен Осасуна арасындағы сенбі күнгі матч кезінде, Эдер Милитао 15 айдың ішінде екінші рет - алдыңғы крест тәрізді байламың жыртып алды. Өкінішке орай, бразилиялық қорғаушы сол күні осындай тағдырға тап болған жалғыз Ла лига ойыншысы болмады, өйткені Вильярреал қаптал шабуылшысы Илиас Ахомаш - та зардап шекті.

Вильярреал Алавеске қарсы бірінші гол соққаннан кейін, көп ұзамай Илиас Ахомаш тізесін жарақаттап алды, жексенбі күні Вильярреал футболшы жарақатын растады. Бұдан басқа, ол ішкі бүйірлік байламды да созды. 2023 жылдың жазында Барселонадаң Вильярреалға ауысқан Илиас, осы маусымда керемет формада болды, бірақ қазір ол тек 2025/26 маусымында қайтадан ойнайды деп күтілуде. Алдағы күндері оған операция жасалады, содан кейін ол қалпына келудің ұзақ жолын бастай алады.

Илиастың маусымның соңына дейін жоқ болуы Вильярреал үшін үлкен соққы болып табылады және жалғыз жақсы жаңалық - оның орнына ойнай алатын Ереми Пино бар.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie