Ла Лигаға жол тартқан жас дарын: Руни Бардегжи «Барселонаға» ауысуға жақын


«Копенгаген» командасының жас жартылай қорғаушысы Руни Бардегжи «Барселона» клубына ауысудың алдында тұр.
Mundo Deportivo басылымының хабарлауынша, футболшы дат жанкүйерлерімен қоштасып үлгерген, ал қазіргі уақытта тараптар трансфердің соңғы шарттарын келісуде.
Келісім ресми түрде шілде айының басында жарияланады деп күтілуде. Каталониялық клуб 19 жастағы ойыншы үшін 2,5 миллион еуро төлейді, ал «Копенгаген» оның болашақ сатылымынан 15% үлес сақтап қалады.
Айта кетейік, өткен маусымда Бардегжи тек бес ойынға ғана қатысты - бұл оның айтарлықтай ауыр жарақатынан, яғни айқас байламдарының үзілуінен кейінгі қалпына келу кезеңімен байланысты болды. Соған қарамастан, «Барселона» ойыншының әлеуетіне сенеді және оны болашаққа бағытталған маңызды инвестиция ретінде қарастырып отыр.