locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ла Лига ойындары АҚШ-та: Тебас Майамиде өтетін ойындарын жоспарын айтты

ФОТО:  Getty images

Ла Лига президенті Хавьер Тебас Испания чемпионатының матчы қашан АҚШ-та өтуі мүмкін екендігі туралы ақпаратпен бөлісті.

"Мұндай матч міндетті түрде болады, бірақ нақты күні әлі белгісіз. Біз Испания футбол федерациясымен келісімге келуіміз керек. Қазіргі уақытта басты кедергі – құқықтық мәселелер, сондықтан осы маусымда ойын өткізілмейді. Оны келесі маусымда ұйымдастыра аламыз деп үміттенеміз.

Біз Майамиде матч өткізу үшін демалыс жасауға ыңғайлы сәтті таңдаймыз — дәл сол қалаға баруды жоспарлап отырмыз", - деп мәлімдеді Тебас ESPN-ге берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Тебас футбол кестесінің тым тығыз екеніне шағымданған еді.