Ла Лига «Барселонаның» «Интер» ойынына дейін Вальядолидте өтетін матчқа қатысты өтінішін қабылдамады


Ла Лига Барселонаның Чемпиондар Лигасының жартылай финалындағы «Интерге» қарсы жауап ойынына 72 сағат қалғанда, 4 мамырға қараған түні «Вальядолидпен» матчының уақытын өзгерту туралы өтінішін қабылдамады.
Бұған дейін каталондық команданың бас бапкері баспасөз мәслихатында Ла Лига матчтарының басталуы уақытынына шағымданған болатын.
"Соңғы бірнеше аптада қанша матч ойнағанымызды білесіз бе? Интермен ойында да осындай жүктеме болуы мүмкін. Біз үйге кеш қайтып, кеш ұйықтаймыз. Бұл біздің шындық. Басқа лигаларда клубтар Чемпиондар лигасы матчтары алдында демалады, бірақ бізде қалпына келтіруге уақыт жоқ", - деп шағымданды Флик.
Неміс маманының мәлімдемесінен кейін «Барселона» Фликтің күнтізбенің шамадан тыс толығуы туралы сөзін толық қолдайтынын мәлімдеді.
30 сәуірде Чемпиондар лигасының бірінші жартылай финалдық ойынында
«Барселона» өз алаңында «Интермен» ойнайды. Келесі кезекте 3 мамыр күні сағат 22:00-де Ла Лиганың 34-ші турында «Реал Вальядолид» пен «Барселона» кездеседі. 6 мамыр – «Интер» мен «Барселона» арасындағы қарымта жартылай финал.
Бұған дейін Ла Лига «Реалға» «Алавеске» қарсы матчты кейінге қалдыруға рұқсат бермеген болатын.

Теннис
Бүгін 07:51

Хоккей
Бүгін 02:26