Кузнецов: "Шахтер – бұл қазақстандық футболдың інжу-маржаны екенін атап өткен жөн"
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бас бапкері Александр Кузнецов қарағандылық “Шахтер” командасының алдағы болашағы туралы пікірін білдірді.
“"Шахтер" – бұл қазақстандық футболдың інжу-маржаны екенін атап өткен жөн. Олар өз уақытында Еурокубоктарға қатысып, Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шыққан алғашқы біздің клубымыз болды. Қазіргі уақытқа дейін бұл клуб “Жоғарғы лигадағы” орнын ешқашан жоғалтпаған жалғыз клуб, бірақ өкінішке орай бұл уақыт келген сияқты. Футболда қаржының рөлі өте маңызды. Клуб осындай қаржылық қиындықтарды бастан кешіріп жатқанда, командаға Андрей Финонченко қайта оралды. Ең қиын сәтте бапкерлер құрамы жас ойыншылармен бірге қажетті қолдау көрсетті және жағдайды түзетуге тырысуда”, – деді Кузнецов.
Айта кетейік, қазіргі маусымда қарағандылық “Шахтер” ҚПЛ кестесінде 13-орында тұр және команда еншісінде 9 ұпай бар.
Хоккей
Бүгін 01:50
Футбол
Бүгін 01:35