locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

КУЧМА: “Әрине жеңгіміз келді, бірақ тең ойын болды”

КУЧМА: “Әрине жеңгіміз келді, бірақ тең ойын болды”
КУЧМА: “Әрине жеңгіміз келді, бірақ тең ойын болды”

Шымкенттік “Ордабасы” клубының бас бапкерінің міндетін атқарушы Александр Кучма Қазақстан Премьер-лигасының 18-турында “Ақтөбеге” қарсы өткізген ойын туралы пікірімен бөлісті

Мен біріншіден жігіттерге маған мүмкіндік бергендері үшін алғыс айтқым келеді. Осы матчқа тыңғылықты дайындығы үшін де. Біз 2-3 күнде жаңа жүйеге көштік, байқасаңыздар біз бүгін 4 қорғаушымен ойнадық. Алаңда байланыс орнатуға тырыстық. Және бұл біздің қолымыздан келді. Иа біз гол жіберіп алдық, бірақ бұл ойын, бұл футбол. Тағы жігіттерге алаңда барын салғаны үшін алғыс айтамын. Бұған дейін Александр Сергеевичпен жасаған жұмыстар көрінді. Бұл жерде команда болды. Бірінші болып гол жіберсекте жауынгерлік рухпен ойынға қайта орала алатынымызды көрсеттік. Жинақы ойнай бастадық, бұл жүйе жігіттерге таңсық еді. Ойын барысында өзгерістер енгізу арқылы тәуекелге бардық. Үйдегі ойында ұтылмау керек болды, сол үшін тәуекел еттік. Жеңгіміз келді, бірақ тең ойын болды, - деп келтіреді Кучманың сөзін kazFootbal.kz сайты Ордабасының баспасөз мәслихатына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, кеше Ордабасы мен Ақтөбе 1:1 есебімен тең ойнаған болатын. Ойыннан кейін шымкенттік клубтың жаңа бапкері болып Кирилл Кекер тағайындалды.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie