Көшбасшы командада қалады. Рафинья «Барселонамен» келісімшартын 2028 жылға дейін ұзартады
Футбол
20 мам 2025
16:32

Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор

ФОТО: Getty Images
Барселонаның бразилиялық вингері Рафинья клубпен келісімін 2028 жылдың жазына дейін ұзарту туралы келісімге келді, деп хабарлайды инсайдер Фабрицио Романо.
Романоның айтуынша, жаңа келісім 2028 жылдың маусымына дейін жарамды болады. Бұл туралы клуб бас бапкері Ханси Фликпен келісімшартты ұзартқаннан кейін ресми түрде хабарлайды. Неміс маманының келісімі 2027 жылға дейін есептелмек.
Рафинья 2022 жылдың жазында «Лидстен» каталондықтарға ауысты. Осы кезеңде ол 143 ойын өткізіп, 54 гол соғып, 50 нәтижелі пас берді. Ал осы маусымда ол өз позициясында әлемдегі ең үздік ойыншылардың біріне айналды және «Алтын доптың» фавориттерінің бірі болып табылады.
Танымал жаңалықтар

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек