locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Кристиан Пулишич маусым соңында «Миланнан» кетуі мүмкін: ойыншының көңілі толмай отыр

Футбол 18 мам 2025 23:33
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Кристиан Пулишич маусым соңында «Миланнан» кетуі мүмкін: ойыншының көңілі толмай отыр
ФОТО: Getty Images

АҚШ құрамасының жартылай қорғаушысы Кристиан Пулишич осы маусым аяқталған соң «Милан» клубынан кетуі мүмкін деген ақпарат тарады, деп Tuttosport басылымы хабарлады.

Футболшы өзінің командадағы рөліне және клубтың жалпы жағдайына көңілі толмай отыр.

«Россонерилер» А сериясындағы көрсеткіштерімен жанкүйерлер үмітін ақтамады - қазіргі таңда команда турнир кестесінде сегізінші орында тұр. Сонымен қатар, олар Чемпиондар лигасында плей-офф кезеңінен ары аса алмай, жарысты ерте аяқтады. Италия Кубогының финалында да «Милан» «Болоньядан» 0:1 есебімен ұтылып, титулдан қағылды.

Пулишичтің «Миланмен» келісімшарты 2027 жылдың жазығына дейін күшінде болса да, инсайдерлердің мәліметінше, ол жазғы трансферлік терезеде клуб ауыстыруы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie