locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Криштиану Роналду:"Реал Мадрид - футбол тарихындағы ең үздік клуб"

Криштиану Роналду: "Реал Мадрид - футбол тарихындағы ең үздік клуб"

Криштиану Роналду “Реал Мадридке” жылы лебізін білдірді. Мадридтік «Реалдың» бұрынғы шабуылшысы Роналду YouTube арнасында Рио Фердинандтың сұрақтарына жауап беріп, «Реалдың» әлемдегі ең үздік футбол клубы екенін атап өтті.

"Реал Мадрид? Олар өте жақсы . Олар қысымды сезбейді. Кейбіреулер Реалдың жолы болғыш дейді, бірақ олай емес. Олардың аурасы басқа. "Реал Мадрид" - футбол тарихындағы ең үздік клуб. Мен бұл клубты жақсы көремін.

Реал Мадрид қысымы? Мен жақсы ойнайтынымды білдім. Мен өзіме сенемін. Бейімделу қиын болды, бірақ мен әлемнің ең жақсы клубында ойнайтын болдым. Мен Мадридте ойнағаныма өте қуаныштымын.

Мен Чемпиондар лигасы тарихындағы үздік сұрмергендер атандым және 4 ЧЛ жеңіп алдық. Бұл өте жақсы уақыт болды. Бернабеуде өте ерекше атмосфера бар", - деді Роналду.

Еске сала кетейік, Криштиану Роналду 2009-2018 жылдар аралығында «Реал Мадрид» сапында өнер көрсетті. Ол клуб тарихындағы үздік сұрмерген.