locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Криштиану Роналду рекордты уақытта алтын батырманы алып, YouTube рекордсмені атанды

Футбол 22 там 2024 04:39
Люба Рябинина
Люба Рябинина
sports24 сарапшы
Криштиану Роналду рекордты уақытта алтын батырманы алып, YouTube рекордсмені атанды

Аты аңызға айналған шабуылшы, Криштиану Роналду әлемді тек футболда емес, басқа да жерлерде таңқалдырып жүр. Роналду өзінің YouTube парақшасын ашып, сол платформаның рекордсмені атанды - арнаның ашылуына жарты-ақ сағат болғанда 1 млн оқырман футболшыға жазылды.

Бұл рекорд, 39 жасар футболшыға YouTube алтын батырмасын алып келді. Ол бір миллион оқырманы бар адамдарға беріледі. Роналду дәл осы сәтті Instagram парақшасына салып, бақытымен бөлісті: "Бұл менің отбасыма сыйлық. Барлық оқырмандарға рахмет".

Оқырмандар әлі де арнаға жарысып тіркелуде. 22 тамыз, азанғы уақытта оқырмандардың саны 15 милионнан асты. Бұндай қарқынмен 10 млн оқырманға берілетін бриллиант батырмасына қол жеткізеді.