locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Криштиану Роналду мен Тен Хаг сырға үшін сөзге келіп қалды

ФОТО:  Getty images
Криштиану Роналду мен Тен Хаг сырға үшін сөзге келіп қалды

Роналду Тен Хагтың талабына қарамастан “Манчестер Юнайтед” жаттығуында сырғасын шешуден бас тартты.

Голландиялық бапкер жаттығу барысында барлық ойыншылардың зергерлік бұйымдарды, соның ішінде сырғаларды шешуін талап етті, бұл Криштиану Роналдудың ашуын келтірді. Себебі, Оле Гуннар Солскяер мен Ральф Рангник кезінде мұндай ережелер болған жоқ.

Тен Хэгтің көмекшісі Стив МакКларен жағдайды бейбіт жолмен шешуге тырысты, бірақ бұл Роналдудың ашуын келтірді. Нәтижесінде португалдық 1000 фунт стерлингке бағаланатын сырғасын бұталардың арасына лақтырып жіберді, деп хабарлайды Manchester Evening News.

Еске сала кетейік, бұған дейін Роналду денсаулығына байланысты Чемпиондар лигасының матчына қатыса алмағаны хабарланған болатын.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie