Криштиану Роналду бастаған Әл-Наср жігіттері Тегеранға барғысы келмейді
“Әл-Наср” Азия чемпиондар лигасы аясында Иранның “Эстегляль” командасына қарсы матчқа Тегеранға ұшудан бас тартты.
Marca басылымының хабарлауынша, Сауд Арабиясының клубы Таяу Шығыстағы жағдайдың нашарлауына байланысты кездесуді кейінге шегеруді талап етіп отыр. Клуб басшылығы Израиль армиясының Иран аумағына соққы жасау қаупінен алаңдап, команданың және матчқа қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төнуі мүмкін деп есептейді.
Қазіргі уақытта “Әл-Наср” Батыс тобының турнирлік кестесінде төрт ұпаймен төртінші орында тұр, ал “Эстегляль” үш ұпаймен бесінші орында. Екі команданың кездесуі плей-оффқа шығу үшін маңызды рөл атқаруы мүмкін, бірақ матчтың өтуі туралы мәселе әлі де ашық күйінде қалып отыр.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52