Криштиану Роналду «Аль-Насрдың» Азия чемпиондар лигасынан шығып қалуына пікір білдірді


Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду командасының Азия чемпиондар лигасының жартылай финалында жапониялық «Кавасаки Фронталеден» (2:3) жеңілуіне байланысты пікір білдірді.
Аталған ойында португалиялық шабуылшы бос қақпаны дәл көздей алмады. Кездесуден кейін Роналду жанкүйерлерге алғысын білдірді:
«Кейде армандарға жету үшін күтуге тура келеді. Командамызға және алаңда көрсеткен өнерімізге мақтанамын. Бізге сеніп, әрдайым жанымыздан табылған жанкүйерлерге рахмет. Сіздердің қолдауларыңыз біз үшін өте маңызды», – деп жазды Роналду әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, «Кавасаки Фронтале» клубы алғаш рет Азия чемпиондар лигасының финалына шықты. Финалда олар 3 мамыр күні Сауд Арабиясының тағы бір клубы – «Аль-Ахлиге» қарсы ойнайды.

Басқа спорт түрлері
Бүгін 09:05

Теннис
Бүгін 08:51

Теннис
Бүгін 07:51