Криштиану Роналду Аль- Насрда тағы бір жыл өнер көрсетеді


Сауд Арабиялық "Аль-Наср" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду, клубпен келісімшартын тағы бір маусымға ұзартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы AS басылымы Al Khabar агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Роналду мен клуб арасындағы қазіргі келісімшарт 2024 жылдың жазында аяқталады. Футболшы келісімді ұзарту ұсынысын қабылдап, келісімшартқа жақында қол қоюы мүмкін екендігі айтылды. Жаңа келісім бойынша Роналду бір жыл үшін 200 миллион еуро алады. Ол әлемдегі ең жоғары жалақы алатын футболшы болып қалатын болады, аптасына шамамен 3,8 миллион еуро табыс табады.
Қазіргі маусымда Роналду "Аль-Наср" клубында 18 матч өткізіп, 16 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Transfermarkt мәліметі бойынша, футболшының нарықтық құны 12 миллион еуроға бағаланады.
"Аль-Наср" қазіргі уақытта Сауд Арабиясының Про-Лигасында 14 матчтан кейін 28 ұпай жинап, үшінші орынға орналасқан.
Қайсар клубының қақпашысы Тбилисидегі Динамоға ауысуға жақын.

Футбол
Бүгін 15:45

Футбол
Бүгін 15:45