locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Коул Палмер - Англия құрамасының 2023/24 маусымындағы үздік ойыншысы атанды

Фото: X (twitter)

“Челси” клубының жартылай қорғаушысы Коул Палмер 2023/24 маусымының қорытындысы бойынша Англияның үздік футболшысы болып танылды.

22 жастағы ойыншы 2023 жылдың 17 қарашасында ұлттық құрама сапында дебют жасады. Содан бері ол құрама сапында 9 матч өткізіп, 2 гол соғып, 1 нәтижелі пас авторы атанды. Сонымен қатар, Коул Еуро-2024 турнирінің финалында гол соқты, бірақ бұл Англияға Испанияны жеңуге жеткіліксіз болды.

Қазіргі уақытта Палмердің Премьер-лигада 6 голы және 5 нәтижелі пасы бар.

Айта кетейік, Англия құрамасы Ұлттар лигасы аясында 10 қазанда Грекиямен және 13 қазанда Финляндиямен кездеседі.