locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Константин Емельянов – Астанамен ойын жайлы: Ақыры гол соғып, ұтылмасақ деп едік

Футбол 16 қаз 2024 13:58
Павлив Никита
Павлив Никита
sports24 сарапшы
Фото: официальный сайт "Шахтер" Караганда
Константин Емельянов – Астанамен ойын жайлы: Ақыры гол соғып, ұтылмасақ деп едік

“Шахтер” командасының бас бапкері Константин Емельянов ҚПЛ-дың 22-турының кейінге қалдырылған матчында “Астанадан” 0:3 есебімен жеңілгені жайлы пікір білдірді.

“Қарсылас жақсы футбол ойнады, бірақ бізге де ойнауға мүмкіндік берді. Біз ойынды жаман бастамадық, қысқа уақыт ішінде бірнеше сәттер жасап, бірнеше соққы жасадық. Осыдан кейін айып добына қатысты мәселе туындады: ол жерде айып добын беру керек пе, жоқ па, соны қарау керек. Әріптесім, қатты айқайлады. Оны әлі қараймыз. Әрине, “Астанада” мұндай айып добын орындай алатын ойыншылар бар. Бірінші голды өткізіп алғаннан кейін алға ұмтылып, ашылуға тура келді, ақыры гол соғып, ұтылмасақ деп едік. “Астана” қорғаушысы шабуыл кезінде қолмен ойнады. Төреші біздің ойыншымыздың итергенін айтты. Бұл жағдайды анықтаймыз. Қарсылас бізге ойнауға мүмкіндік берді, бірақ біз өз мүмкіндіктерімізді пайдалануымыз керек еді. Лисаковичтің де бірнеше мүмкіндігі болды. Басқа айтар ештеңе жоқ”.

“Егер гол соқпасаң, қалай жеңуге немесе тең ойынға қол жеткізуге болады? Қарсыласты жеңісімен құттықтаймын. Тағы да жеңілгеніміз өкінішті. Бізге ең болмағанда өзіміз үшін бір гол соғу керек еді”, – деп бөлісті Емельянов.

Естеріңізге сала кетейік, “Астана” Алматыда өткен матчта “Шахтерді” 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Бұл нәтиже астаналықтарға чемпионаттың үздік үштігіне жақындауға мүмкіндік берді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie