locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Конференция Лигасының плей-офф кезеңіндегі матч тоқталды.

Футбол 20 там 2024 15:42
Павлив Никита
Павлив Никита
sports24 сарапшы
Конференция Лигасының плей-офф кезеңіндегі матч тоқталды.

Сейсенбі күні, Конференция Лигасының іріктеу кезеңінің плей-офф сатысындағы армяндық “Ноа” мен словактық “Ружомберок" арасында өткен ойында өте жағымсыз сәт орын алды. Ойынның 65-минутында стадионда электр қуаты өшіп қалды. Сол уақытта алаң иелері Гонсало Грегорионың голының арқасында, 1:0 есебімен алда тұрды. Ойын қайта басталғаннан кейін армяндық клуб тағы екі рет гол соғып, матчты 3-0 есебімен аяқтады.

Матч Вазген Саркисян атындағы Республикалық стадионда өтті. Ойындағы кідіріс шамамен 15 минутты құрады.

Еурокубоктың осы маусымында "Ружомберок" қазақстандық клубпен кездесті. Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңінде словактар қостанайлық "Тобылға” қарсы ойнады.. Екі кездесудің қорытындысы бойынша "Ружомберок" “Тобылды” 5:3 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті. Кейін словактар "Трабзонспорға" жол бергенімен, Конференциялар Лигасының үшінші раундында хорватиялық "Риеканы” жеңді 22-тамызда , бейсенбі күні плей-офф кезеңінде "Астана" норвегиялық "Браннға” қарсы сырт алаңда бірінші ойынын өткізеді. Матч Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де басталады.