Конференция лигасының аясында өтетін Астана — Бранн ойынында қызмет ететін төрелік ұжым анықталды
29 тамыз, конференция лигасының шешуші кезеңінде "Астана" "Бранн" арасындағы қарымта кездесу өтеді. Ойында Солтүстік Македониялық төрешілер қызмет атқарады.
УЕФА ойынның басты төрешісі етіп Александар Ставревті тағайындады. Төрешінің жетістіктеріне келсек, чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі 6 ойында жұмыс атқарған, оған қоса еуропа лигасында 36 кездесуді басқарған. Бас төрешіге екі көмекші - Дейан Костадинов және Гоце Петрески көмектеседі. Төртінші төреші - Игор Стойчевски.
Оған қоса, бас бейнекөмекші қызметін Сербиялық Момчило Марковичке тапсырды.
Естеріңізге салсақ, бірінші кездесуде қазақстандық клуб 2:0 есебімен жеңілді. Жауапты кездесу Астана уақытымен 19:00-де басталады.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20