Конференция лигасының 4-турдан кейінгі жағдайы: Астана – 23-ші орында
Футбол
29 қара 2024 03:44
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Фото: Астана ФК
28-нен 29-ына қараған түні Конференция лигасының 4-тур ойындары өтті. 4-тур қорытындысы бойынша “Челси” топтық кезеңде бірінші орынды сақтап қалды.
Энцо Марескидің басшылығымен команда “Хайденхаймды” 2:0 есебімен жеңіп, 12 ұпай жинап, турнир кестесінің көшін бастап тұр.
Осындай ұпай санын “Легия” да жинады. Ал “Ягеллония”, “Рапид” (Вена) және “Витория Гимараэш” 10 ұпайдан еншіледі. Сондай-ақ, алғашқы сегіздікке 9 ұпаймен “Фиорентина”, “Олимпия” және “Лугано” кіріп отыр.
“Бетис” 22-орында тұр, ал қазақстандық “Астана” 4 ұпаймен 23-орынға жайғасты.
1/8 финалға тікелей алғашқы 8 команда жолдама алады. Ал 9-дан 24-орынға дейінгі клубтар плей-офф кезеңінде бақ сынайды.
Танымал жаңалықтар