Комитет футболдан ҚК финалынан кейінгі мінез-құлқы үшін Атырау футболшысына қатысты шешім шығарды
4 қазан күн Қазақстан футбол федерациясының бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің “Атырау” ойыншысы Николай Сигневичке қатысты жағдайды талқылаған жиналысы аяқталды. Футболшы Қазақстан Кубогы финалынан кейін бейәдеп сөздер айтқан болатын.
Комитет футболшының орынсыз әрекеті үшін оны ҚФФ және ПФЛК аясында өтетін 5 матчқа қатысудан шеттету туралы шешім қабылдады. Николай “Атыраудың” қақпасына белгіленген пенальтиге қатысты бейәдеп сөздермен өз наразылығын білдірген еді.
“Матчтың ресми тұлғасына бағытталған қорлау сипатындағы бейәдеп сөздер үшін, сондай-ақ финалдық матчтан кейінгі сұхбат барысында төрешілікке қатысты дөрекі пікір білдіргені үшін, “Атырау” командасының ойыншысы Николай Сигневичті КФФ ДР 53-бабына сәйкес КФФ және ПФЛК аясында өтетін барлық жарыстардан бес (5) ойынға шектетіледі. Шеттету мерзімін 2024 жылдың 30 қыркүйегінен бастап санау керек”, – делінген КФФ хабарламасында.
Сонымен қатар, футболшыға 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Айта кетейік, Қазақстан Кубогының финалында “Атырау” кездесудің соңына қарай “Ақтөбемен” болған матчта жеңісті уысынан шығарып алды. Нәтижесінде, Сигневичтің командасы 1:2 есебімен жеңілді.
Қызығы, белорус футболшысы Қазақстан чемпионатының 22-ші турында “Тұранды” 3:0 есебімен жеңген ойында алаңға шықты.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20