locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Клубтар арасындағы Әлем чемпионатының жаңа логотипі таныстырылды

Клубтар арасындағы Әлем чемпионатының жаңа логотипі таныстырылды
Клубтар арасындағы Әлем чемпионатының жаңа логотипі таныстырылды

ФИФА клубтар арасындағы Әлем чемпионатының логотипіне ребрендинг жасалғанын ресми түрде жариялады. Ұйым эмблеманы жасауда неден шабыт алғанын және жаңартылған логотипке қандай символдардың енгізілгенін түсіндірді.

“Таңдалынған эмблема доптан, футбол тарихы және мәдениеттен шабыттанған, ал турнирдің C – W – C (Club World Cup) бастамалары дөңгелек әріптермен біріктірілген. Клубтар арасындағы Әлем чемпионатының бірегей эмблемасында турнирге тікелей қатысы бар элементтерге, яғни АҚШ-та бақ сынайтын алты конфедерацияның табысты клубтарына ерекше орын бөлінген», - деп мәлімдеді федерация.

Айта кетейік, клубтар арасындағы Әлем чемпионатының форматы түбегейлі өзгертілді. Енді турнирде жеті қатысушының орнына 32 команда өнер көрсетеді. Турнирге алты конфедерацияның өкілдері қатысады.

Клубтар арасындағы Әлем чемпионаты 2025 жылдың 15 маусымы мен 13 шілдесі аралығында өтеді. Турнир АҚШ елінде өтеді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie