locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Кирилл КЕКЕР: “Біз бірінші таймда мәселені шешуге болатын еді, бірақ болары болды”

KazFootball.kz. Кирилл Кекер

Шымкенттік “Ордабасы” бас бапкері Кирилл Кекер Премьер-лиганың 19-туры аясында қызылордалық “Қайсардан” жеңілгені туралы

“Алдымен алыс жол жүріп келген Ордабасы жанкүйерлеріне алғыс айтқым келеді. Олар командаға жақсы қолдау көрсетті. Олар осында келіп, көргісі келген нәтижені көрсете алмағанымыз үшін өз атымнан және команданың атынан кешірім сұраймын. Біз бұл ойында көп мүмкіндік туындаттық. Бізге голдар жетіспеді. Біз бірінші таймда мәселені шешер едік, бірақ болары болды. Бізге соғылған бірінші голда түсініксіз мәселе болды, өзім нақты көрмедім. Комиссия өз бағасын береді деп ойлаймын”, – деген Кекердің сөзін жазады KazFootball.kz порталы Ордабасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, “Ордабасы” қонақта “Қайсардан” 1:2 есебімен жеңілген еді.