locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Килиан Мбаппе тарихты қайта жазды: ойыншы «Реалдағы» дебюттік маусымында екі бірдей рекорд орнатты

Футбол 16 мам 2025 16:05
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Килиан Мбаппе тарихты қайта жазды: ойыншы «Реалдағы» дебюттік маусымында екі бірдей рекорд орнатты
ФОТО: Getty images

Килиан Мбаппе мадридтік «Реал» сапында тарих жазуды жалғастырып жатыр. Ла Лиганың 36-турында «Мальоркаға» (2:1) қарсы өткен ойында француз шабуылшысы Испания чемпионатындағы 28-голын соғып, клуб тарихындағы дебюттік маусымдағы ең көп гол авторы атанды. Бұған дейін бұл рекорд 1953/54 жылғы маусымда 27 голмен Альфредо Ди Стефаноға тиесілі болған.

Сонымен қатар, бұл гол Мбаппенің осы маусымдағы барлық турнирлердегі 40-голы болды. Осылайша ол «Реал» тарихында алғашқы маусымында бірден 40 гол соққан алғашқы ойыншы атанды.

Статистик MisterChip мәліметіне сүйенсек, Мбаппе - испан футболындағы дебюттік маусымда 40 және одан да көп гол соққан екінші ойыншы. Бұған дейін бұл жетістікке тек бразилиялық Роналдо жеткен: ол 1996/97 жылғы маусымда «Барселона» сапында 47 голмен көзге түсті.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie