locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Килиан Мбаппе Реал Мадридтің қыркүйек айындағы ең үздік ойыншысы атанды

ФОТО:  ФК Реал Мадрид

Мадридтік “Реалдың” шабуылшысы Килиан Мбаппе қыркүйек айының қорытындысы бойынша команданың үздік ойыншысы болып танылды. Өткен айда 25 жастағы шабуылшы Корольдік клуб үшін барлық турнирлерде 5 матч өткізіп, 6 гол соғып, бір нәтижелі пас авторы атанды.

Қыркүйек айының үздік ойыншысы атағы үшін күресте Мбаппе Винисиус Жуниор мен Родриго Гоэстен, сондай-ақ Даниэль Карвахаль мен Эдер Милитаоны артта қалдырды.

Айта кетейік, француз шабуылшысы осы жылдың жазында мадридтік клубқа қосылды. Бұған дейін ол француздық “ПСЖ” және “Монако” клубтарында өнер көрсеткен.