locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Килиан Мбаппе: «Алтын допқа» қарағанда, жүлделер маңыздырақ

Футбол 07 сәу 2025 08:07
Азат Максутбек
Азат Максутбек
Килиан Мбаппе: «Алтын допқа» қарағанда, жүлделер маңыздырақ
ФОТО: Getty images

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасында жеңіске жетуді армандайтынын және бұл жетістікті «Алтын доптан» маңыздырақ санайтынын мойындады. Форвардтың айтуынша, ол үшін ең бастысы - ұлы клубтың тарихына өз есімін жазу.

«Алтын доп - бұл жеке марапат және мен әрқашан «Реал Мадридтің» бір бөлігі болу баға жетпес екенін айтып келемін. Мен командамен - Ла Лигада, Чемпиондар лигасында жеңіске жетіп, тарихта із қалдырғым келеді. Иә, мен гол соққанды ұнатамын, бірақ титулдар мен үшін маңыздырақ», - деп келтіреді RMC Sport Мбаппенің сөзін.

Француздық өткен жазда испандықтар сапына келіп, 2029 жылға дейін келісімшартқа қол қойды. Transfermarkt мәліметі бойынша, оның нарықтық құны 160 миллион еуроға бағаланады.

Ла Лиганың соңғы турында мадридтік «Реал» «Валенсияны» қабылдап, 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Команданы алда маңызды ойын күтіп тұр – Чемпиондар лигасының ширек финалындағы «Арсеналға» қарсы бірінші ойын, ол «Эмирейтс» стадионыңда өтеді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie