locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікірлерді қалдыру үшін\n кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Кезекті жеңіс. Астана қарсылас қақпасына алты гол соқты

Кезекті жеңіс. Астана қарсылас қақпасына алты гол соқты
Фото: ФК Астана

"Астана" командасы бүгін, 17 ақпанда Дубайдағы оқу-жаттығу жиыны аясында "Арабиан Фэлконс" командасымен бақылау матчын өткізді.

Матч "Астана" командасының айқын басымдығымен өтті. Елордалық команда 6:1 есебімен жеңіске жетті.

"Астана" сапында Рамазан Каримов пен Станислав Басманов дубль авторы атанды. Ал Нұралы Жақсылық пен Усман Камара бір голдан соқты.

Өткен маусымда "Астана" командасы Қазақстан премьер-лигасында екінші орын алған болатын. Сондай-ақ Бабаян шәкірттері Конференция лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетті.

Айта кетейік, астаналық ұжым бүгін тағы бір жолдастық матч өткізеді. Қарсыласы ресейлік "Краснодар" клубы. Дубайда өтетін матч Қазақстан уақыты бойынша 17:30-да басталады. Тікелей эфирде "Q League" арнасынан көруге болады.

Жолдастық матч. 17 ақпан

Астана - Арабиан Фэлконс - 6:1

Голы: Каримов (дубль), Басманов (дубль), Жақсылық, Камара

Айта кетейік, елордалық команда осының алдында қытайлық "Чжэцзян" командасын 3:0 есебімен жеңген болатын.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie