Кевин Де Брёйне өз мансабын Барселонада жалғастыруы мүмкін
33 жастағы "Манчестер Сити" клубының жұлдызды жартылай қорғаушысы Кевин Де Брёйне ағылшын клубынан кету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды El Gol Digital.
Белгиялық ойыншының келісім-шарты аяқталуға жақын, және ол жаңа команда іздеуде. Дереккөздерге сүйенсек, Де Брёйне Сауд Арабиясы клубтарының назарын аударса да, өзі Еуропада қалуды қалайды. Осы мүмкіндікті пайдаланып, "Барселона" 2025 жылдың жазында оған келісім-шарт ұсынуға дайын. Сонымен қатар, Де Брёйне Ханс-Дитер Фликпен жұмыс істеуге қызығушылық білдіруде.
Бұл маусымда Де Брёйне 11 матчта ойнап, 1 гол салып, 1 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталының мәліметіне сәйкес, оның нарықтық құны €45 млн.
Фиорентина есінен танып қалған Эдоардо Боваға қатысты ресми мәлімдеме жасады.
Басқа спорт түрлері
Бүгін 13:13
Баскетбол
Бүгін 12:27