Кержаков Қайраттан клуб жеке басына айтылған балағат сөздерден кейін кетті
Футбол
03 қыр 2024 10:15
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Кержаков Қайраттан клуб жеке басына айтылған балағат сөздерден кейін кетті
«Қайрат» футбол клубының президенті «Астанадан» (0:1) жеңілгеннен кейін Александр Кержаковты қатты сынға алды.
Боранбаев киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, команданың көзінше бас бапкердің жұмысына көңілі толмайтынын айқайлап айта бастаған. Қайрат Советайұлы Кержақовтың ешнәрсе істемейтін нашар бапкер екенін, оның жаттықтырушылар штабының өз міндеттерін атқара алмайтынын айтыпты.
«Қайратта» мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ деп хабарланды. Алайда, Александр Кержаков мұндай көзқарасқа шыдамай, қызметінен кету жайлы шешім қабылдады. Ішкі қиындықтарға қарамастан «Қайрат» командасы футболдан Қазақстан чемпионатында бірінші орында келе жатыр.
Танымал жаңалықтар
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52