Керемет маусым жалғасуда. Дембеле тағы да Мессидің гол соғу рекордын қайталады


Француздық «ПСЖ» вингері Усман Дембеле 2024/2025 маусымда 33 гол соқты, оның 24-і 2025 жылға тура келді.
Париждіктердің Франция Кубогының жартылай финалындағы «Дюнкеркке» қарсы соңғы ойында (2:4) вингер таймдардың соңында екі рет ерекшеленді. Биылғы жылы ол 1 сәуірге дейін клубтық деңгейде 24 гол соғып, Лионель Мессидің 2016 жылғы көрсеткішімен теңесті. Бұл Еуропаның бес үздік лигасының командалары арасындағы XXI ғасырдағы екінші ең жоғары нәтиже. Бірінші орында тағы Месси – аргентиналық 2012 жылдың сәуіріне дейін 27 гол соққан болатын.
Дәл осы көрсеткіш бойынша наурызда ол XXI ғасырдағы үздік атанды. Ол кезде оның еншісінде 17 гол болды. «ПСЖ» келесі ойынын 5 сәуірде «Анжеге» қарсы өткізеді. Жеңіске жеткен жағдайда, париждіктер мерзімінен бұрын Франция чемпионы атанады.