Кейн Боруссияға қарсы матчта жарақат алып қалды
Футбол
30 қара 2024 14:09
Нұрбақыт Қадырбаев
sports24 сарапшы
ФОТО: Getty Images
Бүгін, 30-шы қарашада Германия Бундеслигасының 12-ші туры аясында "Дер-Классикер" - “Бавария” мен Дортмундтық “Боруссиясына” ойыны өтуде.
Мюнхендік команданың үздік бомбардирі ағылшын Харри Кейн кездесудің 32-ші минутында жарақат алды. Ол оң жамбастың артқы жағын ұстап, көгалға отырып қалды. “Баварияның” бапкері Венсан Компани ойыншыны ауыстырды. Оның орнына алаңға Томас Мюллер шықты.
Естеріңізге сала кетейік, жұлдызды шабуылшы өткен жазда “Баварияға” 100 миллион еуроға ауысқан болатын. Кейн осы маусымда Бундеслигада 11 матчта 14 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді.
Танымал жаңалықтар
Футбол
Бүгін 02:31
Футбол
Бүгін 02:12
ММА
Бүгін 01:34