Көбеев жеңісті матчта ассистпен көзге түсті
Футбол
28 сәу 2025 02:52

Абылай Сеитов
Журналист

ФОТО: ФК «Ислочь»
Қазақстандық жартылай қорғаушы Мирас Көбеев Беларусь чемпионатының алтыншы турындағы «Ислочь» – «Молодечно» матчында нәтижелі әрекетімен көзге түсті.
20 жастағы футболшы алаңға 66-минутта, есеп 3:0 болғанда шықты. Араға бір минут салмай-ақ, Көбеев Александр Шестюкке пас беріп, командаласының төртінші гол соғуына септесті. Нәтижесінде матч 4:0 есебімен аяқталды.
«Ислочь» (Минск, Беларусь) – «Молодечно» (Беларусь) – 4:0
Голдар: Вику Булмага 39, 47, 53, Александр Шестюк 67
Бұл жеңістің арқасында «Ислочь» 12 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орынға орнықты. Ал «Молодечно» әлі күнге дейін ұпай жинаған жоқ және 16-орында тұр.
Танымал жаңалықтар

Футбол
Кеше 18:07

Футбол
Кеше 17:27

Футбол
Кеше 16:59
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек