Каспийдің бұрынғы директоры зорлықпен бопсалады деген күдікке ілінді
“Каспий” ФК бұрынғы директоры Ержан Джамбиров пен деструктивті діни орта өкілдеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
“Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ”Каспий" футбол клубы жанындағы мемлекеттік кәсіпорынның бұрынғы директоры мен деструктивті діни ортаның өкілдеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр", - деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Зорлық-зомбылық қолданып, аса ірі көлемде ақша бопсалау фактілері бойынша тергеу басталды. Үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет экс-директордың команданың оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражатын ұрлауға қатыстылығын тексеруде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Футзал
Бүгін 04:34
Хоккей
Бүгін 04:27
Хоккей
Бүгін 03:45