«Каспий» жеңді, «Ертіс» қателесті. Қазақстан бірінші лигасының барлық матчтары қалай аяқталды


Қазақстан бірінші лигасының жетінші турының қалған ойындары 23 мамырда өтті.
Алматының «Хан-Тәңірі» өз алаңында «Таразмен» 1:1 есебімен тең ойнады. Өскеменнің «Алтайы» сырт алаңда «Түркістанды» үш голдың арқасында сенімді жеңді.
22 мамырда чемпионат көшбасшысы Ақтаудың «Каспий» командасы сырт алаңда SD Family командасын бір адаммен ойнап, үш гол соғып, өз қақпасына ешбір гол жібермей ұтты. Бірінші орынға таласушы Павлодардың «Ертіс» командасы «Оңтүстік» академиясымен 2:2 есебімен тең түсті.
Өз алаңындағы қателіктен кейін «Ертістің» еншісінде 15 ұпай бар.
Қазақстан бірінші лигасы. 7 тур
«Хан Тәңірі» - «Тараз» 1:1 (1:1)
Голдар: Рахымжанов, 22 – Рахимов, 42.
«Түркістан» - «Алтай» 0:3 (0:1)
Голдар: Жанұзақов 43, Дадаев 55 (пенальти), Омарбек 87.
Сырттағы ойында «Жетісай» екібастұздықтарды минималды есеппен ұтты.
«Екібастұз» - «Жетісай» 0:1 (0:0)
Гол: Рысқұл 78.
«Ақтөбе М» - АҚАС 1:3 (0:2)
Голдар: Латурнус 89 - Булғақбаев 37 (пенальти), Саутов 39, Гридин 64.
«Қайрат-жастар» - «Шахтер» - 1:2 (1:1)
Голдар: Тұяқбаев, 4 — Қалыбаев, 40 (пенальти), Нүсіп, 78

Футбол
Бүгін 13:05


Футбол
Бүгін 11:14