locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Карлос Алькарас – Алтын Доп жайлы: “Кім жеңсе де, мен өте қуаныштымын”

Футбол 28 қаз 2024 14:24
Павлив Никита
Павлив Никита
sports24 сарапшы
Фото: Meta-ratings.kz

Төрт дүркін “Үлкен дулыға” турнирлерінің жеңімпазы, әлемнің екінші ракеткасы, испан теннисшісі Карлос Алькарас “Алтын Доп 2024” жүлдесін табыстау барысындағы соңғы жағдайға пікір білдірді.

Еске сала кетейік, ұзақ уақыт бойы марапатты алуға басты үміткер болып мадридтік “Реал” ойыншысы бразилиялық Винисиус Жуниор саналды. Алайда бүгін Алькарастың отандасы, қазіргі “Манчестер Сити” футболшысы Родридің “Алтын Допқа” дауыс беруде көш бастағаны белгілі болды.

“Винисиус жеңеді деп көрінген еді, енді жеңімпаз Родри болатындай көрінеді. Олар екі ұлы спортшы және бұл марапатты өткен керемет жылдары үшін лайықты. Мен екеуімен де жақсы қарым-қатынастамын, кім жеңсе де, мен өте қуаныштымын”, – деді Алькарас.

Белгілі болғандай, “Реал Мадрид” өкілдері бұл рәсімге келген жоқ.

2024 жылғы Алтын Доп табыстау рәсімі (жаңартылуда).

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie