Карло Бартолец АПОЭЛ-мен өткен матч туралы әсерімен бөлісті
"Астана" клубының қорғаушысы Карло Бартолец Лига конференциясы аясында кипрлік АПОЭЛ-мен өткен ойын жайлы пікірімен бөлісті, деп хабарлады Meta-ratings.kz.
"Бүгінгі матч оңай болған жоқ. Стадиондағы атмосфера керемет болды. 70-минуттан кейін екі команда да тоғыз ойыншымен қалды. Мен үшін бұл маусым сәтті өтті. "Астанаға" ауысар алдында мұнда ойнаған Балқан футболшыларымен кеңескен едім. Жалпы, өз ойынымды лайықты деңгейде көрсете алдым деп ойлаймын", - деді Бартолец.
Лига конференциясының топтық кезеңінің қорытындысы бойынша "Астана" АПОЭЛ-мен тең түсіп, өз өнерін аяқтады. Бес ұпай жинаған команда жалпы турнир кестесінде 28-орынды иеленіп, плей-офф кезеңіне өте алмады.
АПОЭЛ бас бапкері Астанаға қарсы ойыннан кейін төрешілердің әділетсіздігі туралы айтты.
Футбол
Бүгін 05:37
Футбол
Бүгін 04:05