locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Карло Анчелотти: "Менің ойымша, Винисиус Алтын Доп жеңіп алады"

Карло Анчелотти: "Менің ойымша, Винисиус Алтын Доп жеңіп алады"

“Реал Мадрид” командасының бас бапкері Карло Анчелотти “Боруссияға” қарсы өткен Чемпиондар лигасындағы (5:2) ойында сол қаптал шабуылшысы Винисиустың ойынына тоқталып, бразилиялық футболшының “Алтын доп” алу мүмкіндігіне баға берді.

“Менің ойымша, Винисиус “Алтын Доп” жеңіп алады. Ол бұл марапатқа лайық. Бүгінгі ойынға ғана байланысты емес… ол өткен маусымда не істегеніне байланысты. Бүгінгі хет-трик оған “Алтын Доп” үшін күресте көмектесуі мүмкін!” – деп келтіреді Анчелоттидің сөзін журналист Фабрицио Романо әлеуметтік желіде.

Сейсенбі, 22 қазанда, “корольдіктер” өз алаңында дортмундтықтарды 5:2 есебімен жеңді, бірінші таймның қорытындысы бойынша 0:2 есебімен жеңіліп жатқан болатын. Винисиус осы кездесуде хет-трик жасады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie