locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Карло Анчелотти: "Матчтар санын қысқарту қажет"

Карло Анчелотти: "Матчтар санын қысқарту қажет"

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Карло Анчелотти күнтізбеге шағымданды. Бапкердің айтуынша, футболшылар кестенің тығыздығына байланысты жиі жарақат алады.

«Жарақаттар? Біз мәселенің неден екенін білеміз: күнтізбе. Турнирді ұйымдастырушылар біздің қанша ойын ойнауымыздан мәселе көрмесе, бәрімізде қиындықтар туындайды. Матч санын қысқарту қажет. Бұл туралы бапкерлер мен ойыншылар жиі айтады, бірақ бізді ешкім тыңдамайды», - деді бапкер Штутгартқа қарсы ойын алдындағы баспасөз мәслихатында.

Естеріңізге сала кетейік, Чемпиондар лигасы аясындағы "Реал Мадрид" пен "Штутгарт" арасындағы ойын 17 қыркүйекте Мадридте өтеді және Астана уақытымен 00:00-де басталады.