locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Карло Анчелотти Бразилия құрамасына ауысу туралы: Реалдағы жолымды лайықты аяқтағыым келеді

Футбол 13 мам 2025 07:48
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Карло Анчелотти Бразилия құрамасына ауысу туралы: Реалдағы жолымды лайықты аяқтағыым келеді
ФОТО: Getty Images

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Карло Анчелотти жазда испандық клубты тастап, Бразилия ұлттық құрамасын басқаруға кететіні туралы ресми түрде растады.

Бұл туралы ол өз болашағын талқылаған сұхбатында айтты.

– «26-шы күннен бастап мен карьерамда жаңа кезең бастаймын – Бразилия құрамасының бас бапкері боламын. Бұл үлкен сын, бірақ әзірше мен әлі де «Реалды» жаттықтырып отырмын. Менің міндетім – осы маңызды кезеңді лайықты аяқтау», – деді итальяндық маман Madrid Universal басылымына берген сұхбатында.

Анчелотти сондай-ақ, бұл ақпараттың неге дәл қазір жария болғанын түсіндірді:

– «Бразилия футбол федерациясы мәлімдеме жасады, сондықтан бәрі ресми болды. Ал «Реал» бұл туралы өз кезегінде хабарлайды, қашан қажет деп санаса. Бұл жерде ешқандай мәселе жоқ. Қашан болатынын білмеймін, бірақ маған қосымша ақпарат жоқ».

65 жастағы Анчелотти мадридтік клубта екі рет басшылық еткен: алдымен 2013-2015 жылдары, кейін 2021 жылы қайта оралды. Оның жетекшілігімен «Реал» 15 титулды жеңіп алды, оның ішінде екі мәрте Чемпиондар Лигасы, екі мәрте Ла Лига чемпионы атақтары және көптеген басқа марапаттар бар.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie